Ақша
Ақша, ақша, ақша...
Құрметті оқырмандар, осы блогта, мені бұрыннан толқытып жүрген оймен бөліскім келеді. “Ақша бар жерде албасты бар”, “Ақшаның көз жоқ” немесе “Ақшанын түбіне жетпейсін” деген сөздерді мың рет естіп едім.

Ес білгелі бері маған: “сабақты жақсы оқы, мықты университетке түс, сосын жақсы жұмысқа тұрарсын” - дейтін. Бірақ бұл шындық па? Мектепті жақсы оқыған шынымен жеткілікті ме? Жақсы жұмысқа түскенімен, ақшаға тәуелділігін жойылама? Осы сұрақтарды өзіме 11 сыныптан бері қоя бастадым. Иә, өмірдің мәні ақшада немесе ақшаның көлемінде емес. Бірақ менің субъективті ойым бойынша, ақшаның жеткіліксіздігі ешкімді бақытты қылмаған. Сөзіме қарсы шығып, дуана немесе дәруіш адамдарды келтірерсіндер. Бірақ олардың арасында қазақтың болуы екі талай. Біреуді жамандап, не шектеп тұрғаным жоқ. Айтайын дегенім, жастайымыздан басымызға кіргізген “сабақты жақсы оқы” принціпі қате және ескірген. Жоқ, білім әрине керек, және де жаңа білімге ұмтылу өте дұрыс, бірақ ақшаға тәуелсіз болам десеңіз бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Осы ойды, менің 16-шы туған күнімде марқұм әпкем, нағыз бизнесмен әйел, салған еді. Сол кезде сөздеріне құлақ асып, мән бермеген едім. Бірақ қазір, әйгілі бизнесмендердің жазбаларымен таныса келе, әпемнің сөзінің астарында шындық бар екеніне көзім жетті. Көпшілік бизнесмендердің пайымдауынша, адамға мектеп білімімен қатар, қаржы қаражат жайлы білім де өте қажет. Мысал ретінде лоторея жеңімпаздырын келтіруге болады. Ақшанын көптігінен бастары айналып, ақшаны онды сонды құртып, соңында бір тиынсіз қалады. Себебі олар ақшамен қалай дұрыс пайдалану керек, калай дұрыс инвестициялау керек екенін білмейді. Яғни, финанстық іргетасы қаланбаған немесе әлсіз. Айтқым келгені, ақшаға және ақша табу жолдарына деген көз қарастырыңызды өзгертсеңіз, тіпті болмаса күнделікті жарты сағат уақытығы бөлсеңіз ұзақ мерзімді пайда әкелеріне сенемін. Менім де финанстық білімім өте төмен, бірақ 5 жыл ішінде оны дамытып шығын жетістіктерге жетем деп ойлаймын.
