"AқсайЖылуҚуат" МҚК мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері "AқсайЖылуҚуат" МҚК мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Қоғамдық штаб мүшелері: Агаев Анвар Агаяроглы мен Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы және «Ақжол» партиясынан Дүйсенов Серiк Чапайұлы сайлауалды бағдарлама туралы өз ойларымен бөлісті. Қызметкерлер қоғамдық штаб мүшелеріне өз сауалдарын қойды. Қаламыздың саябағын абаттандыру мен электр желiлердiң тозғандығы туралы.
Қоғамдық штабтың мүшелері аталған сұрақтардың шешімі табылғанша бақылауда ұстайтындарын жеткiздi. Сайлаушылар сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022




