Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы 2019 жылы 26 ақпанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А. Әбдіқадырова және бас маман Н.В. Герлах Затобол кентінің «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының «ХҚКО» бөлімі басшысының қатысуымен Затобол кентінің «ХҚКО» бөлімінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізді. Құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.
