ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақпараттық — түсіндірме жұмысы

1

2017 жылдың 09-10 наурыз күндері Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Айнұр Қанапияқызы Сатаева 2017-2018 жылдары азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін кезең-кезеңімен арттыру жөнінде «Тоғызақ элеваторы» АҚ, «Ақ-Бидай-Агро» ЖШС, Қарабалық ауданы әкімінің аппараты, «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария станциясы» МКК, «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ (Қарабалық кенті), «Агро-Торо» ЖШС (Станционный кенті), «Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ, «Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария станциясы» МКК, Федоров аудандық аумақтық инспекциясы (Федоровка кенті) ұжымына түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесулерде 188-ден астам адам қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берді.