Ақпараттық-насихат тобының мүшелері Богдановка бастауыш партиялық ұйымында.
2022 жылдың 12 мамыр күні Богдановка ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық штаб төрағасы М.Ибраев, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық штаб мүшесі Ә.Нұрғалиев, Богдановка БПҰ төрағасы А.Нұрғалиев қатысты.
Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті.
Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын және ауыл тұрғындарының аманаттары мен талап-тілектерін жеткізді.
#ReferendumAMANAT #JasOtan #AMANAT #AMANATBQO #JanaQazaqstan #JanaQazaqstanBQO #JanaAtaZan
