Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті
2020 жылдың 29 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Депаратмент) жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының (бұдан әрі – Штаб) жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев, Штаб мүшелері Ө.Қ.Құспанов, Н.Н.Серіков, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Облыстық Штабтың жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, Облыстық Штаб мүшесі, еңбек ардагері Ө.Қ.Құспанов жастарға өзінің ағалық ақыл-кеңесін айтып, жастарды тек қана адал болуға үндеді.
Шара соңында Университет студенттері Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
