Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық керуен - Қарағандыда!

Игі шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ грантын іске асыру аясында Ұлттық Дельфий Комитеті белсенді қазақстандық жастарды біріктіруді мақсат тұтып отыр. Яғни, ақпараттық керуен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіретін болады.

Керуен жастардың бойында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, мәдениет бағыттары бойынша білім беру алаңдарын ашады. Әлеуметтік жобалар зертханасы – «әлеуметтік лифттер» платформасын, білім берудегі инновацияны дамыту, «Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бизнес-инкубаторы. Модератор-бапкерлер ретінде этномәдени бірлестіктердің жарқын өкілдері, мәдениет қайраткерлері тартылып отыр.

Ақпараттық керуен 1-2 тамыз 2019 жылы Қарағанды облысына ат басын бұрады.

Спикерлер ретінде білім беру, мәдениет, тарих және бизнес саласындағы қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысады. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев (полиэтника тақырыбында), Ұлттық Дельфий комитетінің қазылар алқасының төрағасы «Сәндік және қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мектепке дейінгі білім беру мұғалімі Гүлмира Жолаева, Қарағанды облысындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабының төрағасы Александр Урмашов (әлеуметтік жобалар зертханасы), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының төрағасы Наталья Карагеур (білім беру саласындағы инновация), «Қазақстанның 100 жаңа келбеьті» жобасының жеңімпазы, «БИОВ» тәуекелдерді бағалау жүйесін жасаушы Қуат Әмір (бизнес саласында) қатысады.

Өз баяндамаларында спикерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеттерінің 5 блогына: Қазақстан тарихы, мәдениеті, экология, білім беру мен тағы басқа салаларға ерекше назар аударады.

0
0
386

Осы тақырып бойынша