Ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті
2020 жылдың 18 маусым күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Батыс Қазақстан филиалының жетекшісі А.С.Әйтімов, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ректоры, арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ә.Н.Баяхов және Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.
Өз кезегінде, Н.И.Самет бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Шара соңында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
