Ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесті
2020 жылдың 20 тамыз күні БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.
Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.
Өз кезегінде, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
