Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпарат

Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 24 мамырда «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № ҚР ДСМ-86 бұйрықты қабылдады. Оған сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына түзетулер енгізілген.

Егер стандарттардың ескі редакциясында аталған қызметтерді қызмет берушілер тікелей және ақылы көрсету мүмкіндігі көзделсе, онда жаңа редакцияда мұндай мүмкіндік жойылды.

Бұйрық 2019 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелерінде аталған көрсетілетін қызметтер бойынша ақылы қызмет көрсету фактілері болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментіне жүгіне аласыз немесе 504118 телефоны арқылы хабарласып шағым қалдыра аласыздар.

1
0
293

Осы тақырып бойынша

Ақпарат - Yvision.kz