Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпәтер,Қараөзен ауылдық округтерінде сайлаушылармен кездесу өтті

30 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Миржан Қарабалин,Рауан Есенғалиев,Ерболат Бекмулдин үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақпәтер,Қараөзен ауылдық округтерінде болып сайлаушылармен кездесті. Кездесуде үміткерлер партияның бес жылға арналған бағдарламасын түсіндіріп,қоғам назарындағы мәселелерге де тоқталды. Сайлаушылар тарапынан Қараөзен ауылдық округіне балабақша,жаяу жүргіншілер жолы керектігі,халықтың әлеуметтік,қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде,Ақпәтер ауылдық округінің сайлаушылары Ақпәтер-Жалпақтал жолын асфальттау керектігі жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді. Сайлаушылар үміткерлерге сәттілік тілеп,бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі болған партияны қолдайтындықтарын жеткізді.

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
264

Осы тақырып бойынша

Ақпәтер,Қараөзен ауылдық округтерінде сайлаушылармен кездесу өтті - Yvision.kz