А.Оразбаева атындағы ОЖББ мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында тікелей эфир жүргізілді
24 мамыр күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының белсенді жастары партияның сайлауалды бағдарламасының, соның ішінде аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуын және оны атқарылып жатырған жұмыстарды қадағалау мен бақылау мақсатында А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында тікелей эфир жүргізген болатын. Құрылыс жұмыстарына "Жиенбай" ЖШС жауапты. Мердігер "Жиенбай" ЖШС қарасты құрылыс жұмыстарының ойдағыдай деңгейде және отандық өнімдерді пайдалана отырып жүргізіп жатыр. "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021" бағдарламасы аясында 20 ауыл азаматтары жұмыспен қамтылған. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айының аяғында аяқтау жоспарланған. .


