Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмолалық жасотандықтар 2014 жыл нәтижелерін қорытындылады

2014  жылдың 18 желтоқсанында Көкшетау қаласының достық Үйінде «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының қорытынды кездесуі өтті.  Кездесуге «Жас Отан» ЖҚ аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары мен Облыстық кеңесінің мүшелері, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шахмардан Байманов, «ЖасТелеком», «ЖасТыныс», жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері мен еріктілері қатысты.

Кездесу барысында «Жас Отан» ЖҚ жыл бойына атқарған жұмыстары туралы Атбасар, Жақсы аудандарының, облыстық филиалы мен Көкшетау қалалық филиалындағы «Тыныс» АҚ бастауыш бөлімшесінің есептері тыңдалды.

Шараның салтанатты сәтінде «Жас Отан» ЖҚ АОФ Атқарушы хатшысы Жанаргүл Жунусова жастар бағдарламасы мен бастамаларын қолдап жүрген ұйым жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттады.

«Жас Отан» ЖҚ АОФ Атқарушы хатшысы Жанаргүл Жүнісова: «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы өткен жылдың республикалық рейтинг қорытындысы бойынша соңғы орындарда болатын, дегенмен, команданың ат салысқан жұмысы мен «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалы қолдауының себепкерлігімен 4 тоқсан соңында алдағы үштікке кірдік. Біздің мақсатымыз: алдағы 2015 жыл рейтингінде көшбасшы болу және осы мақсатқа жету үшін барынша күш саламыз», - деді.

Ең белсенді жасотандықтарға «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалы басшылығы мен Ақмола облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы атынан алғыс хаттар тағайындалды: «Үздік ерікті – 2014» - Сұлтанбек Бекешев, «Үздік серіктес – 2014» - Гүлім Бегалина, «Үздік атқарушы хатшы – 2014» - Мерхат Бектұров, «Үздік жоба жетекшісі – 2014» - Абай Жамалиев, «Үздік ерікті – 2014» - Берік Купайзов, «Үздік қолғабыс – 2014» Айжан Мұхаметалиева.

Жастар да өз кезегінде басшылыққа «Үздік жетекші – 2014» Ғалым Бекмағамбетов пен «Үздік тәлімгер – 2014» Шахмардан Баймановқа мадақтама қағаздарын табыстады.

Жастар қанатының белсенді мүшесі Айкүміс Тлегенова өз пікірімен бөлісті: «Маған үміт артқандарыңыз үшін шексіз алғыс білдіре отырып, алдағы жылы «Жас Отан» мен сүйікті Отаным - Қазақстанның биік белестерге жетуі үшін күш-жігерімді аямай еңбек етуге уәде беремін».

 
0
0
255

Осы тақырып бойынша

Ақмолалық жасотандықтар 2014 жыл нәтижелерін қорытындылады - Yvision.kz