Ақмола облысында әкім ағылшын тілін үйретуде
Ақмола облысының Егіндікөл ауданының тұрғындары ағылшын тілінде лекциялар мен практикалық сабақтар курсын аяқтау мүмкіндігіне ие. Онда тұрған таңқаларлық жағдай болмас еді, егер Аудан әкімі Ерлан Исабеков сабақ бермеген болса.
«Болашақ» стипендиаты бұл жайытты таңқаларлық жағдай деп санамайды.
«Оқыту идеясы жаңа идея емес, мен елдегі бірінші сабақ берген әкім емеспін, ұзақ уақыт бойы оны қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі туралы ойландым, адамдар оған қалай жауап беретіні туралы да ойландым, мүмкін олар: «оның істейтін шаруасы жоқ, одан да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуды ойламайды ма», - деп ойлауы мүмкін деп ойладым, нәтижесінде оқытуды жұмыстан тыс уақытта өткізуді шештік – апта ортасында кешкі уақытта немесе демалыс күні», - деді сұхбатында Ерлан Исабков.
Оның айтуынша, егіндікөлдіктерге алғашында бұл ой ерсі көрінген.
«Бастапқыда мен өзімде ыңғайсыздық сезіндім: адамдар, менің ойымша, алғашында тек қызығушылықтан, ағылшын тілінен сабақ беруге шешім қабылдаған мұғалімді кқруге келетін болса, уақыт өтемен тілге деген қызығушылықты байқай бастадым. Алғашында тек жастар ғана келсе, кейінірек үлкен жастағы адамдар келе бастады, бұл әсіресе жақсы болды», - деді ол.
Ерлан Исабеков: «Ағылшын тілі сабақтары оны жергілікті тұрғындармен диалог орнатуға және ауданның маңызды мәселелерін шешу үшін бірге жұмыс істеуге көмектеседі»,- деді.
«Ең басынан бастап, алдымен, күшті ынталандыру керек деп ойладым, нәтиже өте маңызды, оқыту арқылы жергілікті тұрғындармен көбірек байланыс табамын, сонымен қатар біз әлеуметтік, күнделікті мәселелерді шешеміз», - деді ол.
Сабақтың мақсаты - ағылшын тілін үйренуге көмектесу. Исабеков аптасына бір рет әртүрлі жастағы адамдарға білім мен дағдыларды үйрету оңай емес екенін мойындайды.
«Көптеген тыңдаушылар келеді деп айтпаймын, 15-тен 60 жасқа дейінгі жас аралығында отырға тарта адам қатысады. Әртүрлі тақырыптарды талқылаймыз, тіпті караокеда ән айтуға тырысамыз, ән айту арқылы, сөйлесу арқылы әңгімелесу тілін дамытып жатырмыз. Сонымен қатар, посткеңестік кезеңде білім алған көптеген адамдар үшін сөйлеу қиындық тудырады. Жазу, аудару және тіпті аздап ойлану дағдыларын үйреніп, дамыта алсақ та, сөйлеу және әсіресе ағылшын тілін құлақпен қабылдау қиындық тудыруда. Бұл тұрғыда ағылшын тілі туған тіл болып табылатын адамдармен сөйлесу тәжірибесі өте жоғары бағаланады», - деді Исабеков.
Еділкөл әкімі әлеуметтік желілерде де белсенді. Оның үстіне, оның белсенділігі қызметтік характерде ғана емес.
Еске сала кетейік, Ерлан Исабеков Егіндікөл ауданы әкімінің лауазымын 2018 жылдың 18 сәуірінен бастап атқарады.
2012 жылы Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесін алды. «Болашақ» Президенттік бағдарламасының түлегі.
Мансап жолын 1999 жылы Алматыдағы мектепте математика мұғалімі ретінде бастады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің талдау және болжамдау бөлімдерінде, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің кедендік кірістерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратында, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
