Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"АҚҚҰМ-АСТЫҚ" ЖШС-дегі ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ

Төлеби аудандық "Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның бірі бүгін Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Аққұм-Астық» ЖШС ұжымымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерболат Жабаев экспромт-кездесу өткізді. 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған бұл өндіріс ошағының қуаттылығы тәулігіне 120 тонна ұн шығаруға қауқарлы. Серіктестік төрағасы Нұржан Оразалиев ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Кездесу барысында ұн шығарумен айналысатын өнеркәсіптің әрбір жұмысшысына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар азық-түлік нарқы, жастар тәрбиесі, тәртіп, бірлік мәселелері аясында болды. Азаматтардың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш салатынын жеткізді.

Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын партиялық ұранымыз. Сондықтан ұлт болып ұйысқан ауызбіршілігіміз көпке үлгі болсын. Ең бастысы, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бірлесе жұмыс атқару. Бұл бағытта "Nur Otan" партиясы талай жылдан бері бағдаршам болып келеді.

Сіздерді саяси науқанға белсене атсалысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамыз.

0
0
263

Осы тақырып бойынша

"АҚҚҰМ-АСТЫҚ" ЖШС-дегі ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ - Yvision.kz