Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

АӘК көрсетудің және көпбалалы отбасыларды қолдаудың жаңа тетіктеріне қатысты

Мемлекеттің басты міндеті – азаматтарды жұмыспен қамту, сонымен қатар әлеуметтік міндеттемелерді орындау арқылы олардың кірістерін арттыру. Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі азаматтарды туғаннан бастап өмір бойы қамтиды. Мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар жүктілік және босану, мүгедектік, табысы аз және басқалар сияқты белгілі бір әлеуметтік қатерлер үшін тағайындалады. Көпбалалы отбасылар мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Осыған байланысты, жұртшылықтың ұсыныстарын ескере отырып, осы жылдан бастап 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан сараланған мөлшерде 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейін төленеді. Мұндай төлем осы жылғы қаңтар айында 367 мың отбасы алды, оларға 17 миллиард теңгеден астам қаржы төленді. Табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оған балалардың саны, бір бала немесе төрт болуы маңызды емес. АӘК көрсетудің негізгі критерийі – бұл жан басына шаққандағы табыс өңірлік күнкөріс деңгейінің 70% -ынан төмен болуы. Сондай-ақ табысы аз отбасылардың балалары үшін қосымша кепілдік берілген әлеуметтік топтама көзделген. Бір жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық керек-жарақтар енгізілген. Алты жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындарын өтейтін болады. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың табысы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғаннан кейін де төмен болып қала берсе, АӘК мен әлеуметтік топтамаға алу үшін жүгінуге құқылы. Осылайша, мемлекет көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларын қолдаудың кешенді шараларын көздейді. Жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Ағымдағы жылы бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, АӘК және әлеуметтік топтама төлеуге 327 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 82 млрд теңгеге артық. Жалпы, мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік салаға арналған шығыстар үлесі 50% немесе 8,5 трлн теңгені құрайды. Әрбір еңбекке қабілетті азамат бірінші кезекте өзін және өз отбасын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіс. Ол болмаса экономиканың өсуі болмайды, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсармайды.

0
0
208

Осы тақырып бойынша