Ақ халатты абзал жандармен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өтті.

Сайлауалды штаб басшысы Светлана Жолдасова: «Денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттырамыз деген бөлімінде медицина саласы толығымен қамтылған, «Nur Otan» партиясы осы бағытта көптеген жұмыстар атқарып жатыр, алдағы уақытта одан әрі дамыту жолында аянбай еңбек ететін болады» - деді. Қажетті мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар санын арттырамыз. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстанатын боламыз. Одан бөлек, штаб мүшелері Нурбол Мендалиев, Балганым Джулдибаева және Гауһар Шамқұлова сайлауалды бағдарламаны таныстырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
