Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А.Ермухановтың қоғамдық қабылдауында 4 азамат болды.

2021 жылдың 1 - 5 қарашасы аралығында "Нұр Отан" партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ермухановтың қоғамдық қабылдауында 4 азамат болды. Атап айтар болсақ, Руслан Байрамалиев аудан орталығы Чапаев ауылынан сауда үйін салу үшін жер телімін бөлу жөнінде жүгінген болатын. Нәтижесінде Чапаев ауылдық округінің әкімі Н.Набиденовке ыңғайлы жер телімдерін Р.Байрамалиевке көрсету тапсырылды. Сондай - ақ, Руслан Байрамалиевке жер телімін беру тиісті заңнама сәйкес жүргізілетіні жөнінде түсінік берілді. Ақжол ауылдық округі Битілеу елдімекенінің тұрғыны Бибігүл Сатыбалдиева ауылдағы ауыз су құрылғысының жұмыс жасамай тұрғандығы жөнінде шағымданды. Нәтижесінде партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, мәселе оң шешімін тапты. Жамбыл ауылдық округінің Үштөбе елдімекенінің тұрғыны Ақтолқын Құрманғалиева тұрғын үйіне газ жүргізу, Құрайлысай ауылының Айнұр Жұмағалиева жұмыс мәселесі жөнінде қоғамдық қабылдауда болып, қабылдауда болған азаматтарға заң аясында түсініктер берілді.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

А.Ермухановтың қоғамдық қабылдауында 4 азамат болды. - Yvision.kz