Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағайынның малына араша

Бүгін жоспарға сай қоғамдық қабылдау өткіздім. Абай көшесінің тұрғындары атынан келген Молдағалиева Ақыл апамыздың жанайқайына құлақ түрсек. Ауласындағы 6 қойын тамақтан орып қырып кеткен жүгенсіз кеткен иттерден қорғауды сұрап отыр. Ауыл әкімшілігі көмек бере алмайтынын айтса, жергілікті полиция арызды тіркеп алған. Аудандық ветстанция мамандары жағдайды бақылап, 4 итті атыпты. Өздері екі күн ауласын күзеткенде ешқандай иттер келмеген. Ал ауладағы малын, екі жыл бұрын кредитке алған ағайын, малын ақысын кімнен сұрарын білмегені, өз алдына ақ адал малына араша түсетін жан таппай қиналуда. Көп сұрақтың жауабын бірлесіп тапсақ жақсы болар еді. Алдағы уақытта жағдайды бақылауды ұстап, шешімін табуға жұмыстанамыз.

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Ағайынның малына араша - Yvision.kz