Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аққайың ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен  халық арасында да, мемлекеттік қызметшілер үшін де белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

А.ж. 28 қыркүйек күні Департаменттің басшысы Аққайың ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Кездесу барысында Ғ.С. Тұрсынбаев жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызметтің реформасы туралы әңгімеледі. Ғалым Сұлтанұлы өз сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілердің қызметі ең алдымен жоғары сапалы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруына бағытталуы тиістігін атап өтті.

Кездесу қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар Аққайың ауданның тәртіптік комиссиясының жұмысына назар аударылды.

Кездесу соңында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына толық жауап қайтарды.

Департаментпен тұрақты түрде осы бағытта жұмыс жүргізіледі.

 
0
0
274

Осы тақырып бойынша

Аққайың ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі - Yvision.kz