"Ақас" ЖШС жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстары
2020 жылдың 17 желтоқсан күні Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талипова Н.Ж.,Сейткалиева У.М., Кужабаева А.М., Жалмурзин Ф.К. "Zoom" бейне-конференциясы арқылы "Ақас" ЖШС жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жұмысшыларды өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
