Аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесі
Аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесі
“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру аясында Атырау облысының белгілі азаматы, зейнеткер Сергей Алпатановпен кездестік.
Көпшілік оның Индер геологиялық барлау экспедициясында, шахта ауысымының басшысы, бас инженер болып еңбек еткенін біледі, Индер аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы болған кезінен таниды.
Ол, сонымен қатар, Атырау облыстық экономика басқармасының басшысы, облыстық статистика басқармасының басшысы, ТШО «НЖС» жобасының үйлестірушісі, АДЖИП супервайзері қызметтерін атқарды.
Бүгінде «АДЖИП» зейнеткерлер бірлестігінің басшысы ретінде өзінің бірбеткей ұстанымымен де танымал.
Ұйымдастырушылық, басшылық және қоғамдық қызметтегі мол тәжірибесімен бөлісе отыра, Сергей аға партия қызметінің тиімділігін және қоғам сенімін арттыру бойынша бағалы кеңестерін берді.
Аға буын өкілдеріне денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз.

