Аға буынға қамқорлық таныту - әрдайым партиямыздың басты назарында
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Исаева мен Т. Болатбаева партияның “Есіктен есікке” акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Қаламыздың құрметті азаматы, журналист ардагер Асылбек Айдаровтың үйінен бастау алған акцияда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары айтылып, алдағы өтетін сайлау науқанында дауыс беруге шақырды.
Партия ардагері партияның атқарып келе жатырған игі істерін, өлкетануды өрістету, төл руханиятымызды дамыту туралы да ортаға салған өрелі ойлары мен қаламыздың дамуына қатысты аманттар айтып, өзінің ақ батасын берді!
