Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

95 жастағы апа!

"Nur Otan" партиясының қатары 95 жастағы қарт әжемен толықты. Сайлау қарсаңындағы үгіт жұмыстарын жүргізу барысында, партия бағдарламасын қолдап, өз сенімін білдірген Жақашева Күлсін Бекмұхамбетқызы 1926 жылы 10 мамырда Сарытерек ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында небәрі 11-12 жастағы Күлсін апа мал шаруашылығында мал бағып, шөп шауып, егін суарып, еңбекке ерте араласады. 1936-1945 жылдары аралығында “Қаратал” совхозында сушы болды. 1945-1961 жылы Сарытерек ауылында сушы, диқаншы, 1961-1991 жылдары “Зайсан” совхозында жұмысшы болып еңбек етеді. Күлсін апа- отағасымен 10 бала тәрбиелеп, балаларынан 22 немере, 29 шөбере көріп отырған асыл әже, “Алтын алқа” иегері, “Тыл ардагері”.

Меньше

0
0
190

Осы тақырып бойынша

95 жастағы апа! - Yvision.kz