95,2% респондент сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлауға дайын
29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығында брифинг ұйымдастырылып, 2020 жылдың І тоқсаны бойынша БҚО жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг нәтижелері баяндалды.
Мониторингте «БҚО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі» тақырыбында жүргізілген сауалнама қорытындылары туралы ақпараттандырылды.
Өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау мақсатында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында облыс тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Сауалнамаға 4637 респондент қатысып, жемқорлық деңгейі, жемқорлыққа және оның алдын алуға көзқарасы туралы сұрақтарға жауап берді.
Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 95,2%-ы немесе 4415-і сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде мемлекеттік органдардың басшылығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға дайын екенін көрсетті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат жеткізілді. Құқықтық статистика ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлық бойынша 5 тұлға сотталған, оның 4 лауазымы тұлға және 1 жеке тұлға.
Мониторинг қорытындысы жергілікті атқарушы органға тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.
