900-ге жуық медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияныжұқтыруына байланысты ...
900-ге жуық медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияныжұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 899 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды.Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.
26 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 899медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласынан (120), Алматы облысынан (85), Алматы қаласынан (84), Ақмола (80) және Батыс Қазақстан облыстарынан(67) жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:
– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге;
– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.
-----------------------------------------------------------------
Почти 900медработников получили выплаты из ГФСС в связи с заражением COVID-19 и пневмонией
899 медицинских работников, задействованных в борьбе с COVID-19, получили единовременные социальные выплатыизГосударственного фонда социального страхования (далее – ГФСС) на случай заражения коронавирусной инфекцией или вирусной пневмонией. Также ГФСС перечислил выплаты родственникам 3 медработников,которые скончались в результате заболевания.
Как сообщалось ранее, медработников, которым положена вышеуказанная выплата, определяют специальные комиссии при управлениях здравоохранения регионов и городов республиканского значения, на основании результатов обследования заболевших медицинских работников. Общий свод заявок формируется Министерством здравоохранения РК, после чего заявки передаются в НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» для формирования электронных макетов дел, откуда в дальнейшем направляются в ГФСС для назначения выплаты.
По состоянию на 9.00 часов 26 августа ГФСС осуществил назначение и выплату денежных средств по 899 заявкам на случай заражения COVID-19 или вирусной пневмонией и по 3 заявкамна случай летального исходазаболевания.
В разрезе регионов наибольшее количество выплат на случай заражения COVID-19 или вирусной пневмонией произведено медработникам из г. Нур-Султан (120), Алматинской области (85), г. Алматы (84), Акмолинской (80) и Западно-Казахстанской (67) областей.
Напомним, в соответствии с изменениями, внесенными 22 июля т.г. в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения РК и Министра здравоохранения РК от 9 апреля т.г. «Об утверждении Правил осуществления единовременной социальной выплаты работникам организаций здравоохранения, задействованным в противоэпидемических мероприятиях по борьбе с коронавирусной инфекцией COVID-19, в случае их заражения или смерти от указанной инфекции», вышеуказанная выплата полагается:
- медицинским работникам в случае заражения коронавирусной инфекцией или вирусной пневмонией – 2 млн тенге;
- семьям этих лиц в случае их смерти от заражения коронавирусной инфекцией COVID-19, заболевания вирусной пневмонией – 10 млн тенге.
