9 мамыр - Жеңіс күні
9 мамыр - Жеңіс күні
Райымбек ауданы Ұзақ БПҰ төрағасы,ауыл әкімі Әлдибеков Шалқар және ауыл азаматтары, ауылдағы үлкен кісілерді және тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, мерекелік сыйлықтарын табыстап қайтты.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Осы ардагерлерімізді ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.
#ЕрЕсіміЕлЕсінде
#АрдагерлердіАрдақтайық
