Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

80 мыңнан астам қазақстандық отбасылар жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды

80 мыңнан астам қазақстандық отбасылар жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады. Ағымдағы жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша «Е-Халық» жүйесі арқылы барлығы 148 649 өтінім (799 032 адам) қабылданды, оның ішінде 100 566 өтініш бойынша оң шешімдер қабылданды, 41 647-і қаралуда. Ең көп өтініш берушілер Түркістан – 30 382 отбасы (180 179 адам), Алматы облыстарында – 17 698 (93 399 адам) және Шымкент қаласында-17 275 отбасы (88 478 адам) тіркелді. Бұдан басқа, 48 380 (269 330 адам) АӘК алушыларға бұрын тағайындалған сомаларға автоматты режимде қайта есептеу жүргізілді. Бүгінгі күні жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 84 287 отбасына жалпы сомасы 9,4 млрд.теңгеге төленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда а.ж. 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді. 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген.

Свыше 80 тысяч казахстанских семей получили обновленную адресную социальную помощь В рамках реализации социальных мер Елбасы «Әлеуметтік қамқорлық» с 1 апреля т.г. ведется приём документов на получение обновленной адресной социальной помощи (АСП). Заявления принимают в центрах занятости и сельских акиматах. По состоянию на 2 мая т.г., через систему «Е-халық» всего принято 148 649 заявлений (799 032 человек), из них по 100 566 заявлениям приняты положительные решения, 41 647 - находятся на рассмотрении. Больше всего заявителей зарегистрировано в Туркестанской – 30 382 семей (180 179 человек), Алматинской областях – 17 698 (93 399 человек) и г.Шымкент 17 275 семей (88 478 человек). Кроме того, в автоматическом режиме 48 380 (269 330 человек) получателям АСП произведен перерасчет ранее назначенных сумм. Всего на сегодняшний день адресная социальная помощь обновленного формата выплачена 84 287 семьям на общую сумму 9,4 млрд тенге. Вместе с тем, Министерство труда и социальной защиты населения РК напоминает, что адресная социальная помощь назначается с месяца обращения и не зависит от дня подачи заявления. Согласно поручению Елбасы в Казахстане с 1 апреля т.г. критерий для оказания АСП увеличен с 50% до 70% от прожиточного минимума, составив 20 789 тг. В результате численность получателей пособия возрастет с 571,6 тыс. человек до более 830 тыс. человек. При этом, если средний размер АСП на каждого члена семьи ранее составлял 4 834 тенге, то теперь на каждого ребенка будет выплачиваться 20 789 тенге. Всего на адресную социальную помощь в 2019 году предусмотрено свыше 130 млрд. тенге.

0
0
212

Осы тақырып бойынша

80 мыңнан астам қазақстандық отбасылар жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды - Yvision.kz