8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай
той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ. Көктем мерекелерінде Сіздерге мықты денсаулық, отбасылырыңызғы бақыт пен шаттық, береке, байлық тілейміз! Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ізгі ниетпен: "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Еркінұлы Амалбек