Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

8 наурыз қарсаңында құттықтау

8 наурыз қарсаңында құттықтау 2019 жылы 1 наурызда Қостанай облыстық "Мирас" мәдениет сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әйелдерді құттықтады. Осы іс-шараны "Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ұйымдастырды және дәстүрге айналды, тек осы жылы 130-дан астам әйел қамтылды, қаланың қоғамдық ұйымдарының, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ардагерлер мен төралқа мүшелері, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, көп балалы аналар, қалалық және аудандық ұйымдар кәсіподағының белсенділері, "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-нен №1 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы - Т.В. Кувалдина, қаржы-бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы - Н.А. Виндерская, ұйымдық-техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы - Ә.Р. Айтуарова қатысты. Біз осы күні Әйел-анаға, ошақтың жебеушісі мен қамқоршысына, ал заманауй қоғамда еңбеккер әйелге зор қошемет пен құрмет білдіреміз. Кездесуге қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

8 наурыз қарсаңында құттықтау - Yvision.kz