"№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен" КММ интернат ұжымымен кездесу
Nur Otan партиясы атынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат Лазат Молдашева Аягөз қалалық "№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен" КММ интернат ұжымымен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кандидат Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

