№ 6 Орта мектеп ұстаздары мен оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Ақтау қалалық №6 Орта мектебінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.
Одан басқа Департамент өкілі «Кешенді құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік басқарудың реформасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптарында дәріс оқыды.
Сөз соңында іс-шара қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

