#5years_Story Соңғы жаңалықтар тізбегін жеткізуші күш (3 бөлім)
Yvision.kz ақпараттық порталын жуырда білдім. Жұмыс күнінен соң ғаламтор желісі арқылы ел жаңалықтарымен таныс болам. Мәселен, кешегі жаңалықтардан Елбасының Қазақстан халқына жолдауы жөнінде оқып, таныстым. Бұл жаңалықтан өзіме қажет қолжетімді баспана жүйесінің кейбір тетік тұстары өзгергенінің аңғардым. Енді жас отбасылардың баспаналы болуы оңайлай түсті. Жақсы мен жаман қатар жүреді деген нақыл сөздің мәңісін енді түсінгендей болдым. Мәселен, кеше ғаламтор желісінен қазақ қызының нәпақа тауып жүрген тіршілігі жөнінде оқыдым. Шошынғаным рас. Қазақстандық бойжеткен Алматы қаласына келіп өз ісін ашпақ болады, кәсібі алға баспай, құрбысымен Біріккен Араб әмірліктерінде өздерін «төсек қатынасы» төлеміне сатып нәпақасын табуға бел буған. Жұмыс жасап көруге тырыспаған бұл азаматшалар ар, намыс, парасаттылық, имандылық қасиеттерін аттап өткен. Газет, теледидар ақпаратынан мұндайды ести қоймаймыз. Онда көбіне жағымды жаңалықтардың айналасын көре жүреміз. Ал ғаламтор беттерінен шындықты естіп, көріп, өзге пікірін біліп, өз ойымызды айта алу мүмкіндігіне жеттік. Айтпғым болашақ аналар қыз балаға жат қылық жасап жүргенін түсініп, қоғамның бұл жөнінде не ойлайтынын біліп, оқып мүмкін артқа қайтар шығар деген үміттемін. Мүмкін ғаламтор желісіндегі өмір шындықтары көп адамның өмірінің өзгеруіне серпін береді. Солай болса жақсы болар.

Ғаламтор Сіз бен біз үшін қазыналы қамба десем де болады. Бұл есіктің ар жағында қолмен тергеннің бәрі табылады. Ғаламтордың тілін жетік меңгеріп, онымен қолдануды үйреніп алсаң болғаны. Ағам айтатын «Сен ғаламтормен пайдалануды неге үйреніп алмайсың? Мұнда қажеттіннің бәрі бар», деп. Жастар кез-келген ақпаратты тез кағып алады ғой. Мәселен менім ғаламтормен достасуым екі сағатты талап етті.

Осы аралықта мен түрлі желілерге тіркеліп, достарымды тауып, өзіме қажеттіні таптым демекпін. Қазіргі кезде анама ғаламтормен пайдалануды үйретудемін. Ғаламторды түсіну анама қиын түсті. Бірақ үйрену үлгерімі жақсы. «Балам осыны қайтем, маған мұның қажеті жоқ деген де. Мен анамды қанаттандырып шетел не болмаса басқа елге кетіп жатсам, сенің бейненді көрмей қалай отырам деймін». Осыны естіген анам бар күшін салып мені мұқият тыңдауға тырысады. Алдағы уақытта анам да заманауи жаңашылдықтарды өз іздемпаздығымен білетін болады. Өткен аптада әпкеммен бірге ғаламтор дүкеніне сыртқы киім мен спорт костюміне тапсырыс бердік. Мұндай тапсырысты алғаш жасадым, күткенім ұнап жатса, сапасы жақсы болып жатса, ғаламтор дүкен кәсіпкерлігі жөнінде ойымды өзгертем. Иә, онда шынымен сенбілік, жексенбілік уақытымды үнемдейтін болам.

