Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#5years_Story Әлемді жайлаған ғаламтор (екінші бөлім)

Сәлем! Yvision.kz жастар блогын таяуда білдім. Сіздерге ғаламтор желісінің соңғы бес жылдағы өзгерісі менім көзім алдымда қалай болғаны жайлы айтып бермекпін. Дүниежүзі отыратын желі жаңашылдықтарын қарап үлгеру мүмкін емес. Бірақ өзім отыратын ғаламтор желілеріне тоқтала кетсем. Мой Мир, Facebook, Skype, В Контакте ғаламтор желілерінің өзгерісі шамалы. Былтыр «Черноярская жемчужина» демалыс үйінде өткен «Ғаламтормен жұмыс жасауды үйрену» семинарына қатысқанмын. Онда Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік Қазақстан аймақтарының жастары болып, ғаламтор жайлы пікір, білімдерімен бөлісті. Мәселен, Мен Instagram, WhatApp ғаламтор желілері жөнінде алғаш білдім. Семинарға қатысушы жастар өз слайд шоу жобаларын бірден  Instagram-ға салса, мен оны білмей өз жобамды қалай ғаламтор желісіне үйлестірумен әлек болғаным есміде.

Ғаламтор қосымшалары арқылы шынымен де біраз жұмысын атқарылып қалады. Өзімнің бір жұмыс күнімді алар болсам. Сегіз сағаттық күнделікті жұмыс қарбаласында ай сайынғы коммуналдық, несиелік басқа да төлем ақыларды уақытында төлеу мүмкін емес еді. Енді үйден шықпай-ақ кез-келген төлемді ғаламтор желісі арқылы орындаймын. Ғаламтор ұйымдастырушылары мұнда екі жақты да қарастырған төлем алушыларға да, төлем жасаушыларға да. Ғаламтордың мұндай пайдалы қосымшалары өмірінді әлдеқайда жеңілдете түседі. Уақыт алға барған сайын ғаламтор жаһанданып, күрделі өзгерістер қарқын алуда. Металлургия өндірісі саласында еңбек етем, айлық еңбек ақымның көптігі аллюминий сымының бағасына байланысты. Нарықта аллюминий өссе, өндіріс қызметкерлерінің жалақысы өсе түседі. Мұны неге айтып отыр дейсіздер шығар аллюминидің өсу, кемуін ғаламтор желісі арқылы бақылап отырамыз.

Бүгінгі таңда шетелге барудан бұрын, өз еліне саяхат жасау екінің бірі көтермейді. Басқа елдердің бейнесін, туын, халқын көру әрине қызықты. Ғаламтордан осының бәрін білу, көру, тіпті бейне роликтер арқылы танысу оңайға түсті. Мен, Нью-Йорк қаласына барып келуді ойластырудамын, қазір ғаламтор арқылы аты аңызға айналға қаланың көрікті орындарын зерттеу үстіндемін. Бостандық статуясы, Брайтон-Бич, Метрополитен мұражайы, Эмпайр Стейт Билдинг, Бруклинский көпірі, Клинтон замкі ғимараттары алдында болып, естелік суретке түсуге асықпын.

Жүріп жүрген қызым бірде ғаламтор дүкенінен өзіңе қолсағатқа тапсырыс берген. Ақшасын «интернет банкинг» арқылы төлеп, содан екі апта тосқан едік. Қолсағаттың сапасы, ақшасына сай болды. Бірақ мұнда ғаламтордың кінәсі жоқ, ол өз ісін орындады. Шынымды айтсам Қазақстанда ғаламтор дүкені дамып жатса да, оның сатылымындағы заттар сапасына сай емес. Осының кесірінен ғаламтордың атына да кір келуде. Ер адам болған соң азық-түлік ғаламторы дамыса екен деймін.

Үйдегілер айтпақшы ғаламтор әлемі өркендеп, қанат жайған тұста, біз іштей бұл жаңа толқынға кіруге дайын емес едік дейтін. Ғаламтормен қарсыласқан жақындарым бүгін ғаламторға кіріп желі кеңістігіне өз үнін де қосады.

2
0
5306

Осы тақырып бойынша