Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#5years_story Интернет желісі арқылы жақындарыма жақындай түстім!!!

Интернет, телефон байланысы өмірімді 180 градусқа өзгертті деп айта алмаймын, бірақ-та қандай жағдай болмасын телефон байланысының, ғаламтор желісінің көмегіне жүгінем. Жалпы интернет желісімен пайдалануды 2008 жылдан бастадым десе дұрыс болар. Алғаш ғаламторда отыруым Мой мир, Mail.ru парақшаларынан басталды. Бірінші курстың студенті болып жүргенімде дос құрбыларымның бәрі осы неге интернеттен бас алмайды деп ойлайтынмын, содан жан құрбым Айнұр сенде көрсенші өз парақшанды ашып, жастардың бәрі осында отырады десті.

Иә, шынымен де агентке қосылған мен сабақтың үстінде де, тамақ уақытында да, ұйқы кезінде де телефонымды құшақтап жүрген кездерімді есіме алсам бір жасарам. Содан жұмысқа орналасып қызметтестеріммен бір «Мой мир» парақшасында отырғым келмей,  басқа парақша ашып, екі «Мой мир» парақшаларын жүргізудемін. Қазір бір басымның өзінде «Мой мир», «В Контакте», «Facebook», «Whatsapp», «Skype», «Instagram» интернет қосымшалары тіркелген. Бірақ мұның өзін көп көрмеймін. Үйдегі анам осы интернеттің керегі жоқ «көзіңді құртасын» деп жиі айтып жатады. Үлкен ағам Американың Хьюстон деген қаласында отбасымен тұрады, үй телефоны арқылы онымен сөйлесу қымбат екенін айтпасам да түсінікті. Ал интернет желісі арқылы «Facebook» парақшасымен бір-бірімізге фото жебіріп, қызықтарымызбен бөлісудеміз. Жақындарым алыста болса да, олардың жүздерін көру анама да, маған да аса маңызды. «Skype» бейне парақшасына қосылып кез-келген уақытта отбасымның жағдайын сұрап, тұрып жатқан қоныстарын көре алатын болдық.

Ал енді құрметті «Белайн» операторы сіздерді бес жылдық мерейтой қуаныштарыңызбен құттықтағым келеді. Істеріңіз тек өркендеуге жазсың дегім келеді. Сіздермен өмірімдегі маңызды оқиғаның бірімен бөлісейін. Былтырғы жылдың жаз айында құрбыларыммен бірге түңгі клубқа барып онда жігітіммен танысқан болатынмын. Сол кезде ол менім байланыс нөмірімді сұраған еді Мен айтпай үйге қайтып кеткенмін. Екінші күні Mail.ru-ға кірген кезімде кешегі жігіттің маған «дос болйық» деген ұсынысы келді. Агент байланысы арқылы достығымызды махабатқа айналдырып, бүгін біргеміз. Кейде еске аламыз «екеуміз агент қосымшасы арқылы» сөз байласуымызды бастаған едік деп. Мүмкін күнделікті қарбаласта ғаламтор, телефон байланысы сынды дүниелерді байқамаймыз, бірақ бұл бізге қажет. Интернеттің бар болғанын, өзара байланыс парақшаларын ойлап тапқандарға алғыс білдірем. Көп адам ғаламтордың зияндығы, адам миына кері әсері жайлы айтып жататыны бар. Бірақ өздері де сол желілерде отырып сөз тарқасады. Иә, мүмкін зияндығы бар шығар. Бірақ адамзатқа берер пайдасы көбірек деймін. Мен ғаламтор желісі арқылы құрбыларыммен еркін сөйлесе бір-біріміздің жаңашыл видео, фотоларымызды көріп қуанып жатамын.

 

Сөзімді қорытындылай айқым келгені Белайн интернет желісінің, басқа да ғаламтор желілерінің пайдасы өте көп. Ғаламтордан кез-келген іздегеніңді таба аласын. Мұнда жылдам ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған, сондай-ақ басқа да қолданушылармен өз ойынмен бөлісу мүмкіншілігін зор. Өзім «Үйде Белайн интернет» тарифін қолданам. Жылына бір рет 12 мың теңге төлеп интернет шексіздігіндемін.)))))) Күндізгі жұмыс қарбаласынан соң сүйікті телехикаяларымды «Белайн үйде» ғаламтор желісі арқылы тамашалағанға не жетсін. Сондықтан да «Белайн Интернетінің» тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық.

3
0
1739

Осы тақырып бойынша

#5years_story Интернет желісі арқылы жақындарыма жақындай түстім!!! - Yvision.kz