Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#5years_story Ғаламтормен біргемін

Сәлем! Ғаламтор желісімен пайдаланғаныма көп уақыт өте қойған жоқ. Алғаш интернет желісіне кіргенімде бұл не? мұның бәрін қалай түсінем? Мой мир, Facebook-тің қажеті қанша деген сұрақтар туындаған еді. Содан достарыммен бірге «Мой мир» парақшасына тіркеліп Павлодар қаласының сұлу қыздарымен танысатынбыз. Кейбір кезде сабақты қойып «Mail.ru» арқылы күн, демей түн демей достарымызбен бірге қыздарға хат жазып, танысуға, кино көруге шақырған кездер көп болатын. Әрине есейген соң балалық қызықтардан сәл алшақтайсын, бірақ естеліктер жадында қалады. Сол тіркелгем парақшамда қазір көп адам жоқ, тек «поштама» жұмыс бойынша маңызды құжаттар келіп тұрады. Бүгін алыстағы жақындарыммен, достарыммен «В контакте» парақшасында отырам. Оқуды бітірісімен достарымның біреуі Алматыға, біреуі Астанаға, енді біреуі шетелге білім алуға жол жүрді. Бір-біріміздің жағдайымызды білу үшін «Skype» қосымшасына тіркелдім, осы арқылы Алматының, Астананың тіпті еупропа елдерінің әсемдігін бейне бақылау арқылы тамашалаудамын. Мен де өзім барған елдерде достарыммен видео қосымшасы арқылы байланысқа шығып өз қызықтарыммен бөлісудемін.

Студенттік кезімде де түрлі қызықтар орын алатын. Білім орда ұстаздары кітапханаға барып дәріс жазындар, ертең тексерем деп бізді қорқытатын. Біз кітаптарға толы ғимаратта көп уақытымызды кетірмеу үшін, қажет сабағымызды google, яндекс қосымшалары арқылы тауып, ұстазға күні бойы кітапханада отырдық деп сол үшін мадақ еститінбіз.

Интернетте көп отырасын, ендігі айда ғаламтор болмайды деген сөздерді әрбір ата-ана айтатын шығар. Мен де осы үшін ата-анамнан ұрыс еститінмін. Заман жаһанданған сайын жаңашылдықтар көп. Студенттік кезімде үйге асығатынмын, интернетте не болып жатыр деген оймен. Ал қазір «Aiphone», «Samsung» телефондары арқылы кез-келген  уақытта интернетке кіріп елдегі, әлемдегі соңғы жаңалықтарды білу оңайға түсті. Қазір бұрынғы кездегідей кешкі жаңалықтарды тосудың қажеті шамалы, бәрін ғаламтордан өзін қалаған уақытта біле аласын. Мәселен, Мен футбол ойындарының жанкүйерімін, күнде кешкісін ғаламторға кіріп футбол әлемінің жаңалықтарын еркін біле аламын. Ешкімді де, ештеңені де тоспай-ақ. Ал, «В Контакте» парақшасынан «Я там где Реал Мадрид», «Трансферы» группаларын қарап, ғаламтор арқылы өзім-ақ футбол ойнай аламын. Уақытымның басымы ғаламторда өтеді дегенім шындық болмас. Бірақ ғаламтор желісі арқылы көп ісімді атқара алатыным үшін ғаламтор ұйымдастырушыларына ризамын.

Қазақстанға ұялы телефон, ноутбук техника жабдықтары 2000 жылдарда ене бастағаны есімде. Анам алғаш телефон сатып әпергенінде «Белайн» операторын қостық.  Қолданғаныма алты жылдай болып қалыпты. «Белайннан» ұялы телефоныма «Вы звоните в администрацию Президента» деген фанфон жазуым қосқам, маған хабарласушылар бұл жазуды естігенде әлі де шошиды. Сөзімді қорытындылай айтпағым бес жылдық мерейтойларыңызбен!

0
0
845

Осы тақырып бойынша

#5years_story Ғаламтормен біргемін - Yvision.kz