Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

5517 әскери бөлімінің және «ҚР Ұлттық банкі» БҚОФ ұжымдарында жұмыс кездесуі өткізілді

Қазіргі таңда қылмыстарды ашумен бірге, департаментпен аса көңіл бөлінетіні сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу жұмыстарын күшейтуге. Егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жүйесі маңызды болып олардың залалымен күресуге және кінәлі тұлғаларды жазалауға бағытталған болса, ал қазір акцент алдын алуға, мемлекет және қоғам күшін оларды азайтуға біріктіруге бұру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының бір формасы болып мемлекеттік органдарға және мекемелерге сотқа дейінгі өндіріс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу тәжірибесі табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшылықтарының қатысуымен 5517 әскери бөлімінің және 10 қазанда «ҚР Ұлттық банкі» БҚОФ ұжымдарында жұмыс кездесуі өткізіліп, Елбасы жолдауы талқыланды.

Кездесу барысында 5517 әскери бөлімінің материалдық техникалық жабдықтау ротасының атқыштар бөлімшесінің командирі Құрбаналиевке қатысты және «ҚР Ұлттық банкі» БҚОФ қызметкерлері Мукаев пен Максотовқа қатысты қозғалған қылмыстық ісі бойынша жолданған ұсыныс қаралды, сонымен қатар жұмыс барысында көрініс табатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы сипаттама енгізілді.

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық жайттары туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігіне барлық республика бойынша бірыңғай 1424 телефон нөмірі арқылы хабарлай алады. Агенттіктің Call-орталығы тәуліктік режимде жұмыс істейді.

1
0
621

Осы тақырып бойынша

5517 әскери бөлімінің және «ҚР Ұлттық банкі» БҚОФ ұжымдарында жұмыс кездесуі өткізілді - Yvision.kz