Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ашылуы.

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ашылуы
Сәуірдің 24-де Назарбаев Университетінде 51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының (ХМО, International Mendeleev Olympiad, IMO) салтанатты ашылуы өтті.
Астана қаласына жалпы саны 22 құрама команда келді. Олардың ішінде Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Сауд Арабия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Нигерия, Монғолия, Израиль мемлекеттерінің ұлттық химия олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Олимпиада үш кезең бойынша өтеді: екі кезең теориялық және біреуі практикалық кезең.
Жеңімпаздарға басты жүлделерден бөлек Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінші курсына емтихансыз қабылдануына мүмкіндік беріледі.
51-і Халықаралық Менделеев олимпиадасы 2017 жылғы сәуірдің 30-на дейін бір апта бойы өтеді.

 

0
0
406

Осы тақырып бойынша

51-і Халықаралық Менделеев олимпиадаcының ашылуы. - Yvision.kz