5 желтоқсан – Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлар) күні.
Еріктілер – волонтерлар, ағылшын тілінен алынған, өздерінің бос уақыттарын қоғамның игілігі үшін жұмсайтын адамдар. Еріктілердің ақысыз жұмысын кез келген салада және бағытта көруге болады. Мысалға, мұндай адамдар қоғамдық орындарды тазалауға, әлеуметтік акциялар барысында плакаттар мен кітапшаларды таратуға, басқа да көптеген қызметтерді жасауға өз еріктерімен қатысуға әзір. Онымен қоса, волонтерлар балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің қызметкерлеріне қолғабыс етеді, табиғи апаттар кезінде көмек көрсетуге әрдайым дайын.
