5 тұғырлы реформа мемлекеттік аппаратты жаңғыртудың тиімді жолы

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінде 5 тұғырлы реформаны түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Кездесуге ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілер және аудан орталығының жұмысшылары қатысты.
Булаево қаласында өткен семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілдері ауылдағы мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, егін өндірісі, мал шаруашылығы, бизнесті жан-жақты қолдауды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сапасының тікелей тәуелділігін атап өтті.
Бірінші және екінші институционалды реформаны түсіндіру барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, жиылғандардың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын жаңа әдіспен төлеу, мансаптық жоспарлау, сот реформасы, зейнеталды және зейнеткерлік жастағы қызметкерлерді аттестаттау мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

Өңірлік оқыту орталықтарында мемлекеттік басқару Академиясы сияқты, мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша, халық тығыздығына байланысты аудандық мемлекеттік қызметшілердің штаттық санын қайта қарау және білікті мамандардың еліміздің басқа ірі қалаларына ауытқуы орын ала бастағандықтан, шалғай аудандардағы қызметкерлердің жұмысына қосымша төлем коэффициентін енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.
