5 минутта мәселеңізді қалай шешуге болады?
2019 жылдың 11-12 маусым күндері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Цифрлық Агенттік»(Digital agent) мобильдік қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді. Қосымшаның басты артықшылығы қызмет алушылар нақты уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалай алады. Ол үшін Play Market және App Store сервистері арқылы қосымшаны жүктеп алу керек.
Қызмет алушылар қызмет сапасын 5 баллдық өлшемде бағалай алады және қосымшада бағалаудың әдептілік, кәсіби этика, әкімшілік кедергілер және басқа да өлшемдері бар.
Сонымен қатар қолданушылар фото және бейне жазбалардықосымшаға жүктей алады. Қызмет алушылар өтініш қалдырғаннан кейін қызмет көрсетуші 5 минуттің ішінде орын алған кемшіліктерді жою қажет және қызмет алушының мәселесінің сапалы орындалуынҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері қадағалап отырады.
Қазіргі уақытта қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, мемлекеттік кірістер басқармалары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметін бағалай алады.
