№5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен 09.10.19 ж. - 11.10.19 ж. аралығында Арқалық өңірлік..
№5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен 09.10.19 ж. - 11.10.19 ж. аралығында Арқалық өңірлік ауруханасында көшпелі отырыс өткізілді. Халықпен кездесуде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылғы №44 бұйрығымен бекітілген, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық және штат санының өзгеруіне, №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қысқаруына байланысты, МӘС бөлімдері бойынша куәландыруға жіберілетін Қостанай облысының аудандары мен қалаларының тұрғындарын қайта бөлу жүргізілді.
Бұйрыққа сәйкес, Қостанай облысының 18 жасқа дейінгі балалар және көз патологиясы бар адамдар №4 МӘС бөліміне бөлінді. Қостанай облысы бойынша психикалық аурулары және туберкулезбен ауыратын адамдар, Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелді аудандарының ересек тұрғындары №5 МӘС бөліміне бөлінді.
Куәландыруға келген адамдар Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 үй (106 каб., 101 каб.) мекенжайы бойынша орналасқан куәландыру жүргізу орнымен, сонымен қатар МӘС бөлімдерінің (50-17-23, 50-17-58) жұмыс телефондарымен, МӘС бөлімдерінің қабылдау кестелерімен танысты.
Сонымен қатар, Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарының қызмет алушыларына ыңғайлы болу үшін ай сайын Арқалық өңірлік ауруханасы базасында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің көшпелі отырыстары ұйымдастырылады.
------------------------------------------------------------
Отделом медико-социальной экспертизы №5 с 09.10.19г. по 11.10.19г. проведены выездные заседания в Аркалыкской региональной больнице. На встрече с населением доведено до сведения, что в соответствии с Правилами проведения медико-социальной экспертизы, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 30.01.2015года №44, а также в связи с изменением структуры и штатной численности Департамента, сокращением отдела медико-социальной экспертизы №6, произведено перераспределение населения районов и городов Костанайской области направляемых на освидетельствование, по отделам МСЭ.
Согласно приказу, дети до 18 лет и лица с патологией глаз Костанайской области, распределены отделу МСЭ №4. Лица с психическими заболеваниями и туберкулезом по Костанайской области, взрослое население города Аркалык, Амангельдинского и Жангельдинского районов распределены отделу МСЭ №5.
Лица, явившиеся на освидетельствование, ознакомлены с местом проведения освидетельствования, расположенному по адресу: г.Костанай ул.Касымканова д.34 (каб 106, каб. 101), рабочими телефонами отделов МСЭ (50-17-23, 50-17-58), а также ознакомлены с графиками приема отделов МСЭ.
Вместе с тем, для удобства услугополучателей г.Аркалык, Амангельдинского и Жангельдинского районов, ежемесячно будут организованы выездные заседания отделов медико-социальной экспертизы на базе Аркалыкской региональной больницы.
