450 кәсіпкерлерге Агенттіктің жобалары таныстырылды
2020 жылдың 6 наурыз күні Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет кәсіпкерлермен кездесіп, Агенттікпен бизнес және инвесторларды қолдауға арналған жобаларды таныстырды.
«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бейнероликтері көрсетіліп, кәсіпкерлерді адал бизнес жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұруға шақырылды.
Сонымен қатар, БҚО мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мәселелері бойынша түсіндірді.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
