4 Тамыз күні демеушілер орталық аудандық ауруханаға 13 оттегі аппараттарын сыйға тартты
4 Тамыз күні демеушілер орталық аудандық ауруханаға 13 оттегі аппараттарын сыйға тартты. Аудан кәсіпкерлері, Аналар кеңесі және басқа да қайырымды азаматтар қаражат жинап Aidyn Nury қоры арқылы орталық аудандық ауруханаға 13 оттегі концентраторын алып берді. Аппараттарды ауданымыздың тумасы, айтыскер ақын Балғынбек Имаш жеткізіп берді және өз атынан да бір аппарат сыйға тартты. Оттегі концентраторларының жалпы сомасы 2 млн теңгені құрады. Аудандық аурухана дәрігерлері жаншыр жандарға осы ізгі істері үшін шексіз алғыстарын жаудырды.
