Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

1992 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Біздің Елтаңбамыз, Туымыз, Гимніміз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
495

Осы тақырып бойынша