«31- телеарнаның құрылымдық жүйесі».
31 арна – қазақстандық ақпараттық, ойын-сауық жекеменшік телеарна болып есептеледі. Арна қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Ақпараттардан өзге, сериалдар, фильмдер, бағдарламалар бой көрсетеді. Тарихына шолу жасайтын болсақ, бұл коммерциялық арнанын негізін 1992 жылы Арманжан Байтасов деген кәсіпкер қалаған болатын. Ол кездегі ұжым саны тек төрт адамды құраған, ал қазір қызметкерлердің саны мыңға жуық. Бүгінгі таңда арнаны тек Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия мемлекеттерінде де тамашалауға болады. Статистиканы сөйлететін болсақ, арнаның дүниеге пайда болуынан бастап, дәл қазірге дейін регресс немесе бір орында тұру болмаған.
31 арна – көптеген қазақстандықтардың сүйікті арнасына айналды. Себебі арнаның аудиториясы үлкен. Еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін, барлық жасты қамтиды. Еркін канал болғандықтан, әртүрлі форматтағы бағдарламалар өте көп. Арнаның басты сайтының мәліметтеріне сүйенсек, олардың басты функциясы – азаматтардың дүниетанымы мен көзқарасын оң жағынан қалыптастыру. Олардың басты ақпарат көзі болып табылатын, бағдарламасы – Информбюро. Тек Қазақстандағы емес, әлемдік жаңалықтарға да баса назар аударылады. Жаңалықтар аптаның 7 күнінің 24 сағат бойына шығады.
Арнаның тарихындағы басты цифрларға көз жүгіртсек:
· 1993 жылы өз жұмысын бастап, эфирге жол тартты Алғашында тек әлемге белгілі фильмдерді сапасы төмен деңгейде көрсетумен шектелді .
· 1994 жылы 103.5 FM әуе толқыны арқылы "Радио31" іске қосылды.
· 1995 жылы - ТРК " Internews Network Қазақстан " компаниясымен серіктестік байланыс жасап, халықаралық деңгейге шықты .
· 1995 жылы 25 желтоқсан - " 31 - арнаның " бастамасымен үздік теле және радиохабарға арналған қазақстандық " Алтын жұлдыз " байқауы алғаш рет ұйымдастырылды .
· 1997 жылы - " 31 - арна " ТРК тендерді ұтып, Алматы қаласы мен облысына жедел хабар тарату лицензиясының құқығына ие болды .
· 1997 жылы 1 маусым- " Музыкалық 31 - арна " жастар бағдарламасы өз жұмысын бастады.
· 1997ж . 3 қыркүйек- қазақ және орыс тіліндегі “ Информбюро " ақпараттық бағдарламасы алғаш эфирге шығып , көрермендер жүрегіне жол тапты .
· 1998ж . “ Сезон ” журналы , арада аз уақыт өткеннен кейін “ Сезон Дм ” журналы жарық көрді .
· 1998ж 7 наурыз - А.М. Байтасовтың “ Центр внимания ” авторлық сараптамалық бағдарламасы шықты .
· 2000ж . 5 тамыз- жаңалықтар бөлімі негізінде радиодан “ Информбюро — Радио31 " ақпараттық бағдарламасы шықты
· 2000ж . 7 қараша- " Мегаполис ” қоғамдық - саяси апталық басылымы жарық көрді .
· 2000ж . 22 желтоқсан- Қазақстан Телерадиохабар таратушылар Ұлттық қауымдастығы құрылды . Ол республикадағы қырыққа тарта мемлекеттік және жекеменшік телерадиокомпанияның кәсіби бірлестігі болды . " 31- арна ” Қазақстан Телерадиохабар таратушылар ұлттық қауымдастығын құрушылардың бірі болды . Оның алғашқы президенті медиа - холдингтың басшысы А. Байтасов бұл қызметті 2004 жылдың ақпан айына дейін атқарды
· 2001ж . 1 ақпан - Алматы , Астана Қарағанды , Қостанай , Петропавл , Ақтөбе , Теміртау , Өскемен , Шымкент , Түркістан , Ақтау , Лисаковск , Екібастұз , Орал қалаларында тәулік бойы көрсететін арнаның жалпы ұлттық тележүйесі іске асырылды .
Отыз бірінші арнаның отбасылық негізі — сапасы жоғары әртүрлі жанрдағы сериалдар мен ситкомдар, түрлі көрсетілімдер мен бағдарламалар. Шоулардың түр-түрі: талант-шоу, реалити, музыкалық жобалар, консьюмерлік бағдарламалар, телеойындар және көрерменнің көңілінен шығатын қызықтар.
31 арнасының бағдарламаларының бірі – Айта берсін. Бұл бағдарлама шоу-бизнес жұлдыздарының өмірінен тың мәліметтерді баяндайды, кумирларыңыздың сенсациялық құпияларын ашады, сондай-ақ жұлдыздардың бір-бірімен қарым-қатынастары туралы қызықты деректер айтады. Осыған ұқсас – Жұлдыздар жарқырайды атты бағдарлама шоу-бизнес өмірі туралы мағлұмат береді.
Қазіргі кезде өзім құп көрмейтін – Кел, татуласайық атты рейтинг қуалаған бағдарлама жүріп жатыр. Оның атауында - бағдарлама авторлары адамдарға бір-бірімен ортақ тіл табуға көмектесетіні туралы айтылған. Күн сайын "31 Арна" студиясының жүргізушісі мен көрермендері ойдан шығарылған өмірлік оқиғаларды ата- аналары мен балалары арасындағы немесе, ағалары мен әпкелері, сүйіктілері мен достарының арасындағы қарама-қайшылықты талдайды. Шоудың міндеті - бір-бірін кешіруге үйрету. Мысалы, 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызының оқиғасын қарастырсақ. 14 жасында үш жігіттен зорланып, аяғы ауыр болып, дүниеге сәби әкеледі. Жазықтылар жазадан қашып құтылады. Енді бағдарлама ұжымы және оның жүргізушісі Тахир Султан баланың әкесімен жәбір көрушіні татуласуға шақырады. Бұл адамның миына қонбайтын іс деп ойлаймын. Он жерден әкесі болса да, қылмыскер мен жазықсыз адамды татуластыру – барып тұрған бассыздық.
Маған ұнайтын ток-шоудың бірі - Неге? Бұл мүлдем басқаға ұқсамайтын және Қазақстанның үздік жаңалықтар бағдарламаларының бірі – "Информбюро" редакциясының ұжымымен жасалған бірегей жоба. Жүргізуші - белгілі журналист Ерқанат Көпжасар. "31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, бұл жоба елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты болмайды. Редакция Неге? бағдарламасын әр апта сайын қазақстандықтарға өз тергеулерін, эксклюзивті сұхбаттарын, белгісіз фактілерді, таңғаларлық жағдайларды, әрқашан жаңа оқиғаларды және таныс болып көрінетін жағдайлар мен жаңалықтарға мүлде басқа көзқараспен айтып, көрсететін болады. Жаңа бағдарламаның міндеті -басқа жерде көрсетілмейтін нәрсені көрсету, көрермен тіпті ойламаған және елестете алмайтын нәрселер туралы айту.
Қазіргі кездегі арнаның эфирі 3 форматта жүргізіледі. Олар: жаңалықтар, фильмдер және бағдарламалар. Хабар тарату форматы басқа арналардан ерекше, белгілі бір сюжеттік циклмен жүзеге асады. Атап өтетін болсақ:
· Болған ситуацияның бір бөлігін іріктеу
· Ситуацияға қатысы бар адамдарды іріктеу, жинау
· Ситуацияға байланысты керек материалдарды іздестіру
· Ситуацияның ең ұтымды тұстарын пайдалану
· Өзгеше детальдарды қосу
Жеке көзқараспен алмасу
