31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Тарихымызға өшпес із қалдырған бұл жылдардың көрінісін өткенімізге салауат, бүгінімізге қанағат ету үшін жадымыздан шығармауға тиіспіз! Осыған орай, Орталық саябақта жиын ұйымдастырылып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, асыл азаматтарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алу сәті өтті.
Бірлігі мен берекесі жарасқан Тәуелсіз Қазақстанның болашағы баянды, келешегі кемелді болсын!
Бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
