31 мамыр - мәні терең, маңызы зор, қаралы күн.
31 мамыр - мәні терең, маңызы зор, қаралы күн. Бұл күні біз ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы саяси қуғын - сүргіннің, ашаршылықтың, жалпы репресияның құрбандарын еске аламыз.
Өткенін қадір тұтып, тарихына тағзым ететін ел ретінде мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап зұлмат құрбандарының есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік сақтады. Іс шараға “Nur Otan” партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Қ.Тойлыбаева, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ә.ӘЖақанбаев, “Nur Otan” партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, аудандық маслихат депутаты, аудандық маслихат хатшысы Б.Т. Ахметов, аудандық маслихат депутаты, аудандық партия филиалының консультанты Б.Б.Рахимов, Қорам ауылдық округі әкімі, Қорам БПҰ төрағасы Т.А. Еменбаев қатысты.
Қазақстанда 1918-1933 жылдар аралығында түрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапқан, оның ішінде 1931-1933 жылдары 1,7 миллион адам көз жұмған. 100 мыңнан астам қазақстандық 1937-1938 жылдарғы репрессия құрбаны болған.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 31 мамыр - Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Мың өліп, мың тірілген ұлттың ұрпағы ретінде біз өткенімізге құрметпен қарап, елімізге қайғы, қасірет айналып келмесін дей отырып, баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.
