30 игі іс
Қаратал аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының ұйымдастыруымен, әуе шабуылына қарсы әскери бөлімі:30131 командирі, подполковник Киреев Ренат Сағадиұлының қолдауымен, жалғызбасты, көпбалалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аудандағы 6 отбасына "Бақытты отбасы" жобасы аясында азық-түлік себеті таратылып, қайырымдылық шарасы жасалды.
Мейірімділік – жүректен дейді. Жақсылық жасауға асығайық.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
#БАҚЫТТЫОТБАСЫ
#30ИГІІСШАРА
