3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, бір миллиардтан астам адам – әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай-да бір түріне ие екен.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.
Тағдыр тауқыметіне моймай, өмірге құштарлығының арқасында өзін мойындатып жүрген ерекше жандардың табандылығы тәнті етпей қоймайды. Бүгінгі атаулы күнде өмірді шын сүйетін, денсаулықтың қадірін білетін жандардың отбасына бақыт, молшылық, береке тілейміз.
